Пара алған да, берген де жазаланады

548
фото А.Нұршанов

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Біздің таңдауымыз – жеморлықсыз болашақ» атты арнайы дөңгелек үстел өтті. Оған  облыс орталығындағы бірқатар мекеме басшылары мен  мамандары қатысып,  мұғалімдер және студенттер шақырылды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен қолға алынған шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған төзбеушілік қағидасында мәдениет қалыптастыру.

Фото А.Нұршанов

Басқосуда сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Дәулет Қуатұлы: « Көпке мәлім, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауында 10 басты бағыты атап көрсетілді. Соның 4-ші бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Осы тапсырма  аясында қолға алынған бұл акцияның маңызы зор. Себебі, сыбайлас жемқорлық бүкіл әлем елдеріне кеңінен тараған ауыр дерт. Онымен күресу үшін әуелі алдын алу қажет. Сонда ғана дерті дендетпей емдеуге болады. Бүгінде елімізде жемқорлыққа жол берген әр азамат тек қылмыстық кодекспен ғана емес, әкімшілік кодекспенде жазаланады. Қазір кез-келген сыйлық, пара алуға  жатады. Мәселен, құны небәрі 4800 теңгені құрайтын сыйлық алу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Яғни, ондай сыйлық алған лауазымды тұлғаға бір млн. теңгеден астам айыппұл салынады. Нақтырақ айтсақ, өткен жылы дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 6 адам жауапкершілікке тартылған. Мұнда тағы бір еске сала кететін мәселе заң жүзінде қазір пара алған адам ғана емес, пара берген адам да жауапқа тартылады. Осыған байланысты былтыр аймағымызда 4 адам істі болған. Бұл азаматтардың барлығы сот шешімі арқылы тиісті айыппұл төледі. Сондықтан, «тек жүрсең тоқ жүресің» дегендей әрбір мемлекеттік қызметші ешқандай заң бұзушылыққа жол бермеуі тиіс» – деді.

Осыдан соң әрбір қатысушы өзінің құнды ой-пікірлерін ортаға салып, мұндай игі шараны жиі өткізудің рөлі зор екенін атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK