Алматы облысында коронавирус ауруының 3 жағдайы тіркелді. Сырқаттардың 3-еуі де Талдықорған қаласында анықталған, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Тaldykorgan-online.kz

1973, 1994, 2020 жылы туған 3 прациент те бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. ПЦР-талдауының нәтижесі олардың КВИ жұқтырғанын растады. 3 пациент те Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің инфекциялық бөліміне ауыстырылды.

Олармен 12 адамның байланыста болғаны белгілі болды, олар оқшау орналастырылып, КВИ зертханалық тексерулерінен өтуде, эпидемиологиялық зерттеулер жалғасып жатыр.

Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясының 212 жағдайы тіркелген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK