Алматы облысының Кеген, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында карантиндік режим жеңілдетілмейді. Мұндай шешім өңірдегі коронавирус жұқтырғандар санының күн санап көбеюіне байланысты қабылданған. Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғандағы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Нақтырақ айтқанда аталған аудандармен қаладағы базарлар мен мешіттер қазірге жабық болады. Сонымен бірге, қоғамдық тамақтану орындары мен жолаушылар бекеті де жұмыс істемейді. Қазір жалпы облыс бойынша қауіпті дертке шалдыққандар  саны 212 адам. Олардың 135-і жазылып шықса, қалғаны ем қабылдау үстінде. «Тек бір науқастың жағдайы нашарлау,  басқасының денсаулығы бір қалыпты», – дейді дәрігерлер.

Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Әсемқұловтың айтуынша, індеттің өршуіне байланысты облыс орталығындағы 8 нысан карантинге жабылған. Оның екеуі полиция басқармасына тиесілі. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы бойынша 13 науқас тіркеліп, науқастармен қарым-қатынаста болған 181 адам анықталып, анализдері алынған. Анализ нәтижелері теріс. «Бұл адамдар 14 күннен кейін қайта анализ тапсыратын болады», –  деді басқарама басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK