Жетісуда коронавирус инфекциясының тағы 3 жағдайы тіркелді. Олар  – Талдықорған қаласының тұрғындары, –деп хабарлады облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1991, 1997, 1972 жылы туған 3 пациенттің де сырқаты ПЦР-талдауы кезінде анықталған. Алдымен облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жеткізілген пациенттер қазір Талдықорғандағы әскери госпитальға ауыстырылды. Олармен 15 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олар медициналық бақылауға алынып, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Сол сияқты Талдықорған қалалық мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің 18 мамырдағы № 4 қаулысымен облыс орталығындағы Самал шағын ауданы 1-үйге, Ақжазық көшесіндегі 5-үйге, Жандосов көшесіндегі 5-үйге шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар 14 күндік карантин енгізілді. Бұл үйлерде 135 тұрғын бар.

Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 209, оның Талдықорған қаласының тұрғындары.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK