Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Қайрат Баймұхамбетов 18-мамыр сағат 00-00-ден бастап күшіне енетін № 11 Қаулысын қабылдады. Онда облыс аумағында карантин және карантинді шараларды босаңсыту туралы жазылған, деп хабарлайды Taldykorgan-online.kz.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, жаңа індет ошақтары анықталған Талдықорған қаласы мен Талғар және Кеген аудандарына бұл қаулының күші жүрмейді. Алматы облысының басқа өңірлерінде монша (қоғамдық моншадан басқасы), СПА, сауна, массаж орталықтары сынды қазмет көрсету орындарының жұмысына рұқсат беріледі. Мектепке дейінгі мекемелерде кезекші топтар ашылып, шағын оқу орталықтары тиісті санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын бастайды. Құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздікке жауапты мамандарды, күзетшілер мен өзге де арнайы ұйым қызметкерлерін дайындайтын және қайта оқытатын арнайы оқу орталықтары жұмысқа кіріседі. Қапшағай қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқыту-сауықтыру орталығы мен 50 адмаға дейінгі ашық стадиондар да ашылады.

 

Қоғамдық көпшілік орындар, өндірістік аймақтар, әуежайлар, ауладағы балалар алаңқайы үнемі санитарлық залалсыздандырудан өткізіліп тұрады және санитарлық талаптар қатаң сақталады. Маскалық режим міндеттеледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK