Қапшағай қаласында әлеуметтік көмек берілуде

1061

Қазақстан Республикасының аймағында төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан, меценаттар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын жерлестерімізге қолдау көрсетілуде.

Бүгінгі таңға дейін жалпы 342 отбасыға азық-түлік ретінде көмек берілді. Ағымдағы жылғы 15 мамырда Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Қапшағай қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық керуені жол бастады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен еріктілер қатыса отырып #БІЗБІРГЕМІЗ акциясы бүгінде жалғасын табуда. Қайырымдылық керуен аясында 70 астам отбасыға әлеуметтік азық-түлік ұсынылады. Айта кетер сәт, бұндай көмекке аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, жалғыз қариялар мен көп балалы отбасылар енгізілген. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Қайырымдылық керуен бастаған барша жомарт жүрек азаматтарға зор алғысымызды білдіреміз! #БІЗБІРГЕМІЗ

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK