СOVID-19: Алматы облысында 7 жағдай тіркелді

1619
Дереккөз

Қазіргі таңда Алматы облысында  СOVID-19 инфекциясымен 190 жағдай тіркелді. Олардың 6-ы Кеген ауданының, 1 адам Талдықорған қаласының тұрғыны.

Фото авторы А.Нұршанов

Олардың басым бөлігі белсенді түрде анықталса,  біреуі медициналық мекемеге жүгінген кезде белгілі болған. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық  дәрігерінің айтуынша науқастардың жағдайы қалыпты. Талдықорғандық полиция қызметкері 150 адаммен байланыста болған.  Тығыз  қарым-қатынаста болған 11 адам стационарлық бақылауда, ал өзгелері үй жағдайында оқшаулануға  алынды. Барлығы зертханалық зерттеуден өтуде. Қайрат Баймұхамбетов «Тіркелген 1 жағдайға байланысты әзірге қаланы карантинге жабу болмайды. Бұның барлығы індеттің өсу қарқынына байланысты болмақ»-деді. Айта кетейік, 18 мамырдан  жазғы дәмханалар, қоғамдық тамақтану орындары, монша, базар мен діни мекемелер жұмысы басталады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK