Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері болып сайланды. Ол бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бұрынғы атқарған қызметін босатып, Сенат депутаты болып тағайындалған болатын. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған еді.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген. Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болған.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK