Бүгінгідей  елдегі төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсету ұмытылмас жақсылық. Қазір мұндай қайырымды шараларға талдықорғандық тәртіп сақшылары да ат салысуда. Атап айтсақ, аймақтағы полиция мамандары осыған дейін «Біз біргеміз!» акциясы аясында тұрмысында қиыншылығы бар жандарға, зейнеткерлерге, тағдыр тәлкегіне тап болған аналарға  азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды табыстаған.

Бұл  жолы Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ-ның кеңейтілген науқаны аясында өңірдегі көп балалы отбасына көмек көрсетті. Олар қаладығы тұрмысында қиыншылығы бар көпбалалы жанұяға арнайы азық-түлік және басқа да заттармен балаларға қажетті бұйымдар сатып алып беріп,  алғысқа бөленді.

Талдықорған қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Сағыныш Абдраимов:  «Еліміз үшін осы бір қиын сәтте, ауырлық әсіресе аз қамтылған жанұяларға түседі. Біз оларға азық-түлік, басқа да заттар сатып алып қолдау көрсетуге шешім қабылдадық.  Осыдан соң тергеуші мамандар қолда бар қаражатқа қажетті  заттар сатып алып, мұқтаж отбасына  көмектесуді ұйғардық», — дейді.

Мұндай қайырымды шаралар бұдан былай да жалғасатын болады, – деді полиция подполковнигі.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK