«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының  әлеуметтік желі парақшаларында тікелей эфир өтті.  Спикер «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Жанболат  Жөргенбаев өңір тұрғындарына «Біз біргеміз» акциясы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, қойылған сауалдарға жауап берді.

« Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты  партия да көптеген істерге  мұрындық болуда. Біз осы қиын сәтте қарапайым азаматтармен бірге болуды жөн санаймыз. Партияның  қоғамдық қабылдаулары бүгінде онлайн режимге көшті. Елбасы атынан коронавирус таралуына  қарсы тұру мақсатында  «Nur Otan» партиясы 150  млн. теңге бөлген болатын.  Сондай-ақ,  Орталық аппарат пен партияның облыстық филиалдарының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Сонымен қатар, ҚР тұңғыш  Президенті қоры 200 млн. теңге қаражат бөлді.

Қазіргіт  таңда  жасотандықтардан құралған еріктілер тобы қажетті дәрі-дәрмек, азық-түлік себеті бар  көмекті  70 мыңдай мұқтаж адамдардың отбасына табыстады. Әр ерікті күнделікті 6-7 жерге барады.  Еріктілерге ерекше алғыс айтуымыз керек. Олар демалыссыз жұмыс жасады. Жасотандықтар мен еріктілер партияның « Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында партия мүшелері,  депутаттар қолдауымен 11532 адамға көмек қолын ұсынды. Осылайша, 124105825 теңге көлеміндегі арнайы азық-түлік  себеттері, медициналық дәрі-дәрмек, антисептикалық заттар азаматтарға жеткізілді»-  деді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

19 наурыздан бері партия филиалдарына азық-түлік себеттері бойынша 4743 өтініш келсе, оның 3609-ы оң шешімін тапқан. Сондай-ақ, колл-орталыққа 1850 азамат хабарласыпты.

Елбасының «Біз біргеміз» қорына кәсіпкерлерден 23,5 млрд. теңгеден астам демеу қаржы түсті. 50 мың теңге мөлшеріндегі қаржылай көмекпен 152 мың  отбасы қамтылды.Сондай-ақ, қордың қаражатымен  5млн.дана  медициналық бетперде сатып алынды.Оның тең жартысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының көмекке мұқтаж адамдарына жіберілген. Ресупбликалық« Біз біргеміз » қорынан Талдықорған қаласының   3361 адамға көмек көрсету мақсатында облыстық « Біз біргеміз. Жетісу» қорына 168050 000  теңге қаражат түсті.

Талдықорған қаласы бойынша 7 санатқа кіретін 6551 көмекке зәру адамдардың тізімі қалалық әкімдікпен бірге әзірленіп, қорға жолданды.

Партияның қабылдаған шараларының тиімділігін ескере отырып, жақында Елбасы нұсқаулықпен материалдық және қаржылық  көмектің  екінші толқыны іске асатын болады. Бұл жағдайда, еліміздің 23 қаласынан 210 мың отбасы қамтылады деп жоспарланған. «Біз біргеміз» қоры коронавирустық пандемияға қарсы күрес аясында құрылғанын еске саламыз. Сондықтан көмек ең алдымен ауру ошақтары анықталған аймақтың жұртшылығына, оның ішінде, уақытша жұмыссыз қалған тұрғындарға көрсетіледі.

 Спикер  әрдайым партия өз  ісімен халықпен бірге екендігін атап көрсетті.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK