Жасөспірімдер арасында хоккейден турнир өтті

304
Арлан Әбзелбаевтың фотосы

Биыл Ұлы дала кіндігінде, ерке Есіл жағасында еңсесін тіктеген Отанымыздың жүрегі Астанаға 20 жыл. Сәні мен сәулеті келіскен, бар ғалам назарын тіккен Арқаның ақ бесігі — Елордамыздың мерейлі мерекесі қарсаңында Жетісу жерінде бірқатар шаралар атқарылуда. Күні кеше Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен жасөспірімдер арасында хоккейден турнир  өтті.

Арлан Әбзелбаевтың фотосы

Мұндағы мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрін дамыту. Талдықорған қаласының №12 орта  мектебінің мұз айдынында өткен жарысқа 14 команда қатысты. Алғаш болып сөз алған  Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев отандық спортты дамыту туралы сөз қозғағанда, балалар спортына үлкен көңіл бөлу қажеттігін үнемі ерекше атап өтеді. Осы бағытта мемлекеттік қолдаудың арқасында нәтижелі істер атқарылуда. Жас спортшылардың сүйікті спорт түрімен толыққанды айналысуына жан-жақты жағдай жасалуда. Сіздердің араларыңыздан болашақта жоғары санатты кәсіби спортшы шығатындығына сенімдімін»-деп барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысқа толы  жарыс қорытындысына сәйкес жүлделі үшінші орынға №12 орта мектеп командасы, екінші орынға №1 орта мектеп командасы лайық деп танылды. Ал, №8 орта мектеп командасы турнир жеңімпазы атанды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK