Қазір әлем халқы шартарапқа жайылған қауіпті індеттен зардап шегуде. Сovid-19 инфекциясы елімізге де өзінің залалын тигізбей қоймады. Бүгінде ауру жұқтырған отандастарымыздың саны күн сайын өсіп келеді. Алайда, мемлекетіміз тиісті шараларды жүзеге асырып, вирустың таралуына тосқауыл қойып жатыр.

Осындай сын сағатта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарып жатқан жұмыстары көңіл қуантады. Қиын жағдайда қалған азаматтарды мемлекет қамқорлығына алып, қаржылай көмек көрсетіп жатыр.

Бүгін президент халыққа өзінің кезекті үндеуін жариялап, төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарттты. Қ.Тоқаевтың бұл әрекеті құптарлық. Қазақта «Сақтанғанды – Құдай сақтайды» деген сөз бар. Яғни, қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойғанымыз абзал болады деп ойлаймын.  Әр адам өзі үшін және жақындарының амандығы үшін сантитарлық талаптарды бұлжытпай орындауы керек.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің үндеуінде халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс білдірді. Мұнысы да орынды. Себебі, індетпен күресу үшін алдыңғы шепте жүрген азаматтар құрметке лайық деп білемін.

Мемлекет басшысы қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген волонтерлердің, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистердің де ісін оң бағалап өтті. Бұл – өз кезегінде оларға үлкен демеу болары сөзсіз.

Еліміз осы аты жаман ауруды жеңіп, туындаған қиындықтардан тез арада құтылса екен деп тілеймін.

Ақмарал Серікқызы,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің студенті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK