Мол күнә

547
фото дереккөз

Белгілі айтыс жүргізушісі  Жүрсін Ерман мен айтыскер ақын Бауыржан Қалиолла  «СМС» арқылы айтысып тұрады екен. Ағалы-інілі боп бір-біріне өлең жолдап тұратын екі ақынның да мінездері оңып тұрғаны шамалы.  Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерекесіне орай, дүбірлі той өтіп, жазба поэзиясының өкілдері арасында мүшәйра өткені барша жұртқа аян.

Осы додаға ат қосқан Жүрсіннің бабы мен бағы қатар шауып, мүшәйраның бас жүлдесі автокөлікті тақымдайды. Ағасының қуанышына ортақтасқысы келген ақын інісі Баукең де «СМС» арқылы Жүрсінге: «Жүлдең құтты болсын, болашақта біз де Жүрсін Ерман атындағы жүлдеге таласып жүрелік», — деп өлең жолдапты. Өлеңді оқыған қызуқанды Жүкең  де, Бауыржанның ащысу ұртайтынын бетіне басып: «Мен Жүрсін Ерман атындағы жүлдені алқаштарға беруге қарсымын», — деп өлеңмен жауап жазып жіберіпті. Ағасының жауабына шамданған айтыскер Бауыржан:

Таққан күнәң осыменен болды ма,

Енді қолға алмаспын-ау домбыра.

Бір алқаштың алып тұрып жүлдесін,

Бір алқашты айыптауың мол күнә, — деген екен.

А. БҰЛҒАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK