Еліміздегі төтенше жағдай кезінде  электрондық сауда еркін тыныстай бастады, деп хабарлайды дереккөздеріне сілтеме жасаған taldykorqan-online.kz.

Ғаламтор арқылы тапсырыс беріп, сауда жасушылар қатары кеселді дерттің  кесірінен биыл  қарқын үдей түсті дейді мамандар. Өйткені карантин кезінде тұрғындардың дені керек затын ғаламтор арқылы алдырып жатыр. Осы ретте, алаяқтарға да алданып қалмау маңызды.   Үйде отырған бұқара мұндайда не істейді? Амалсыз ғаламтор ақтарады.  Әсіресе, азық-түлік өнімдеріне сұраныс күрт өскен.  Еліміздегі сала мамандарының айтуынша, « Азық-түлік жеткізу саласына  төтенше жағдай кезінде тұтынушылардың тапсырысы күрт өскені байқалады. Бүгінгі күнді алатын болсақ, орташа түбіртек бағасы 4-5 мың теңгені құрайды. Интернетке икемі жоқ қарттар ғана шығар. Ал кейінгі буын мұны кеңінен меңгеріп алған. Өткен жылы елімізде онлайн тапсырыс бергендердің саны 3 миллионнан асыпты. Олар 300 млрд. теңгеге сауда жасаған. Осыдан-ақ осы саланың адымы бірте алшаңдап жатқанын анық аңғаруға болады».  Электрондық сауда сапалы интернет болған жерде ғана ілгерілейді. Ал бізде ауылды айтпағанда, цифрлық технологиялардың иісі мұрнына бармаған қалалар да бар.  Оны осы  карантин кезіндегі балалар да, студенттер де, мекеме-мекеме қызметкерлерінің қашықтықтан жұмыс жасауы кезінде анық байқалды.

 Бұл ретте,проблемалар жетерлік көрінеді.  Егер де сіз өзіміздегі  компанияларға тапсырыс беріп, тауарға көңіліңіз  толмаса қайтарып бересіз. Ал шет мемлекеттерден зат алдырғандар кеткен шығынын өндіре алмайды. Өйткені азаматтық кодекске электрондық сауда әлі енгізілмеген. Алаяқтардың құрығына түспеу үшін мамандар бірнеше кеңеске құлақ ассаңыз, ақшаны алдын ала төлеуге болмайды. Әлгі компанияның қаншалықты танымал екеніне көз жеткізіп алған жөн. Сондай-ақ , жеке шоттарды әлеуметтік желіге жүктеуге болмайды. Әйтпесе, алаяқтардың  «жемтігіне» айналуыңыз әбден мүмкін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK