Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Үкімет басшысының орынбасары Панфилов ауданындағы «Алтынкөл» теміржол стансасының жұмысын бақылап, жүктердің кедендік рəсімделуімен танысты деп хабарлайды taldykorgan-online.kz тілшісі.

Жұмыс сапарымен келген Асқар Қуанышұлы ҚТЖ мен еліміздің кеден қызметінің өзара ықпалдастығын жетілдіріп, орын алатын кедергілерді бірлесіп жою керектігін айтты. Сонымен қатар жүк тасымалдау кезіндегі декларация толтыруды цифрландыру мен автоматтандырудың жаңа жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Әрі А. Жұмағалиев осы қызметті пайдаланушылар үшін барынша жеңілдетілген жолын қарастыру қажеттілігін жеткізді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK