Жүзеге асырар міндеттер көп

460
Дереккөз

Елбасының  “Төртінші  өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты биылғы Жолдауы да әдеттегідей  елімізді дамытуға бағытталған. Бұл жаңа қадам еліміздің  озық дамыған 30 елдің қатарына енуіне үлкен үлес қосатынына сенімім зор.

Жолдаудағы әр бағыт мемлекетіміздің басты стратегиясына қадам басуға мүмкіндік туғызады. Мені жас маман ретінде құрылыс саласына қатысты тармақтар толғандырды.  Бесінші бағытта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижесінде тұрғын үйлердің көлемі артып жатқандығы айтылды. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да ұлғая түспек. Себебі, заманауи технологияларды құрылыс саласында  пайдалану,  халықтың баспана мәселесін оңтайлы шешуіне  үлкен мүмкіндік болмақ. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев “Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек”-деді. Алдымызға қойылған аталмыш 10 міндетті жүзеге асыру барысында әрбір қазақстандықтың ынтымағы мен бірлігі жарасып, қол жеткізер табыстарымыз мол болсын.

Алмас Тастанов, Жастарға қызмет көрсету бөлімінің бас кеңесшісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK