Жаңа жүйе іске қосылды

454
Дереккөз

Алматы облысына қарасты барлық Жастарға қызмет көрсету орталықтарында жұмысқа жүгінуші жастарды тіркейтін бірыңғай база іске қосылады.  Бұл ретте алғашқылардың қатарында Талғар және Алакөл аудандары болмақ.

Аталмыш жүйе алғаш рет Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын. Негізгі мақсаты — орталықтарға келіп түскен шағымдарды тіркеуді автоматтандыру, жалпы мониторингті үнемі бақылау. Сондай-ақ, қай салаға қатысты сұрақтар, ұсыныстар басымырақ екенін қадағалап отыруға да мүмкіндік зор. Шығыс Қазақстан облысынан арнайы келген  Kokos.kz интернет агенттігінің өкілі Д.Соколов   жастарға бағдарламамен жұмыс жасау барысын түсіндіріп, базаны іске қосты. Алдағы уақытта өзге аудандарда жалғасын таппақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK