230.00 нысанды салық декларациясын табыс ету

282
Дереккөз

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 533 бұйрығына сәйкес, Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (230.00-нысан) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, әзірленген және жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігі нысанын жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны Салық кодексінің 630-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, соттары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар жасайды. Осы Қағидалар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады. Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан 230.01-ден 230.02-ге дейінгі нысандардан тұрады. 230.01  қосымшасы мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдардың, оның ішінде сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың және олардың жұбайларының (зайыптарының) меншік құқығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, мүлікті декларациялауына арналған. 230.02 қосымшасы мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының (зайыптарының), сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінде алған табыстарын және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында болған, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, мүлкін көрсетуге арналған.

230.00 нысанының 02 қосымшасындағы «Меншік құқығындағы мүлік» деген бөлімі бағалы қағаздар, заңды тұлғадағы қатысу үлесін көрсететін жолмен толықтырылды.

Кезекті жыл сайынғы декларацияны табыс ету мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

М.Атманов,

Талдықорған қаласы бойынша МКБ бас маманы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK