Елбасы Н.Назарбаев өзінің  үндеуінде халыққа үлкен махаббатпен өзінің тілегін, пікірін, мақсатын жеткізді. Барша Қазақстандыққа қолдау білдірген, рух берген, қажымауға, жалықпауға, болашаққа сеніммен  қарауға үміт берген үндеудің орны бөлек. Тұңғыш президент өзінің ел басқарған жылдарында қабылдаған реформаларының, ұстанған саясатының дәл қазіргі сәтте дұрыс болғандығын атап өтті. Шындығында, барша әлем үлкен дағдарысты бастан кешіп жатқан шақта,  Қазақстан халқы Елбасының көреген саясасатының арқасында дағдарысты әлі сезіп үлгерген жоқ. Осы тұста Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз- ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін бекем ұстанып, індетті бірге еңсерейік! #бізбіргеміз

Сапаров Елдар Қайсарұлы, Талдықорған қалалық  мәслихатының депутаты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK