Алматы облысында жыл сайын 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі керек. Осылай деген Амандық Баталов жергілікті атқарушы орган әкімдері мен тиісті облыстық басқарма басшыларына нақты тапсырма берді.

«Елбасы Жолдауында айтылғандай, әрбір бой көтеретін тұрғын үй сапалы, энергия қуатын үнемді пайдаланатындай, әрі интеллекті басқару жүйесіне бейімделген болуы шарт. Қазір облыста тұрғындардың жан басына шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші 18,5 шаршы метрді құрайды. Сондықтан жұмыс өте үлкен және жауапты», — деді А.Баталов.

Сонымен қатар өңір басшысы мемлекеттік — жеке меншік әріптестік аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK