ТЖ тәртібін бұзу фактісіне орай әкімшілік іс қаралды

95
Дереккөз

Алматы облысы Қарасай аудандық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2020 жылдың 22-25 наурыз аралығында төтенше жағдай тәртібін бұзу фактісі, яғни ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (одан әрі- ӘқбтК) 476 бабын өрескел бұзғаны үшін барлығы 26 азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Карантин аймағының шекарасын заңсыз кесіп өтуге ниеттенген, 25 құқық бұзушы 2 тәуліктен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынып, 2 құқық бұзушыға 26510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынса, 1 құқық бұзушыға ескертпе беріліп, ал 1 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс соттылығы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сонымен қатар, карантин кезінде көкпар ойынын ұйымдастырған Алматы облысының тұрғыны ӘқбтК-нің 476 бабының 3 тармағын өрескел бұзғаны үшін, 5 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қарау барысында, барлық құқық бұзушы азаматтар кінәләрін толығымен мойындап, жазаны оңтайлататын және ауырлататын мән жайларды ескере, әр қайсысына тиісті процессуалдық шешім қабылдады.

Азаматтарға ескерту! Төтенше жағдай тәртібін бұлжытпай орындауға шақырамыз!

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK