Жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

131
Дереккөз

Алматы облысы Алакөл аудандық сотында төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476 – бабының 6 тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды.

Атап айтқанда, 2020 жылдың 26 наурызында кафе жұмыс жасауын тоқтатпай, яғни төтенше жағдай жарияланғанына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзғаны анықталған. Сот қаулысымен құқық бұзушыларға 26 510 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Алакөл аудандық сотының баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK