Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі   атқарылар іс-шараларға байланысты халыққа мәлімдеме жасады. Коронавирус бұл тек бізге ғана емес, бұкіл әлемді жағалай келіп жатқан індет. Сондықтан да елімізге тыныштық, сабырлық қажет. Әр адамның  амандығы қымбат.

Еліміз бойынша  осы індеттен қорғану мақсатында 6 сәуірден бастап  оқушылардың көктемгі демалыстан соң онлайн режимінде оқыту үрдісі енгізілмекші. Осындай қиын-қысттау кезеңде талдықорғандықтарды ауызбірлікке, төзімділікке шақырамын.

Жалпы қаламызда күшейтілген шаралар қолға алынды.  Біз, біргеміз. Бірлігіміз бекем болса, бұл індетті жеңеміз деп ойлаймын.

                                                                       Жамал Нұрлыбаева,

                       қалалық мәслихаттың депутаты, №7 орта мектептің директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK