Алматы облысында коронавирусқа шалдыққан тағы 2 адам тіркелді. Індетке шалдыққандар Алматы іргесіндегі Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында анықталған. Осымен облыстағы вирус жұқтырғандар саны 6-ға жетіп отыр.

Нақты мәліметтерге жүгінсек, бірінші жағдайда Қарасай ауданы, Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйелдің вирус жұқтырғаны нақтыланып, Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. Оған қоса онымен қарым-қатынаста болған 6 адам, соның ішінде, азаматшаның күйеуі мен 2020 жылы туған сәбиі карантинге алынған.

Екінші жағдай бойынша 1960 жылы туған науқас ағайын-туысымен Өзбекстанға үйлену тойына шағын автобуспен барған. 14 адамның Өзбекстаннан Қазақстанға өтіп, Есік қаласына келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлаған. Облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызылған. Соның ішінде, аталмыш 1960 жылы туған әйелден вирус анықталып, қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK