Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың борыш жүктемесінің өсуін болдырмау мақсатында төтенше жағдай кезеңінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың және онлайн-кредиторлардың қарыз алушыларына қолдау көрсету шаралары бойынша жедел желіні іске қосты.

Жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 144 және  +7 (727) 2788 122.

Қаржы нарығы субъектілерінің  іс-қимылдарына өтініштер мен өтінімдерді  http://www.finreg.kz/?docid=3329&switch=russian сайтындағы кері байланыс арқылы немесе TAL@finreg.kz, Fingramota@finreg.kz  электрондық поштасына жіберуге болады

 2020 жылғы 23 наурызда «Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы» Агенттік Басқармасының 2020  жылғы 22 наурыздағы № 17 қаулысының күшіне енгенін еске саламыз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK