Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 28 наурыз түскі сағат 11.50-де тағы 11 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған. Соңғы мәліметте, Нұр-Сұлтанда — 10,  Алматыда — 1 адамнан вирус табылған.

Министрліктің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда екі науқас жазылып, үйлеріне қайтарылған. 28 наурызда тағы 10 адам ауруханадан шығады. Олар екі апта бойы үйде карантинде болады. Соңғы екі күнге вирус анықталған науқастардың барлығы стационарда жатыр. Олармен байланыста болған адамдар іздестірілуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK