Алматы облысындағы тосқауыл бекеттерін айналып өтпек болған бірнеше азамат құрықталған. Олардың төртеуі Алматы қаласымен шектесетін бекеттерді заңсыз айналып өтуге әрекет еткен. Бұл туралы Алматы облысы  полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нақты мәлімет  бойынша, 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны еліміздегі төтенше жағдай тәртібін елемей, Алматы қаласының аумағына Ақсай өзені арқылы жасырын өтпек болған. Сондай-ақ, 1968 жылы туған Алматы облысының тұрғыны осы әдіспен карантин жарияланған аумаққа баруға әрекет етсе, аймақтың тағы бір тұрғыны Іле ауданының Покровка елді мекеніндегі №22 тосқауыл-бекетінің маңында қолға түскен. Төртінші құқық бұзушы 2000 жылы дүниеге келген Қырғыз елінің азаматшасы екен. Шетел азаматшасының қолында ешқандай құжаты болмаған. Бүгінгідей жағдайда тәртіп бұзған бұл азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатыны белгілі.

Мамандардың айтуынша, ұсталған азаматтарға ҚР Әкімшіліқ құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылып, мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен  5 тәулікке қамауға алынған. Ал, Қырғыз Республикасының азаматшасы барлық жағдай анықталғанға дейін қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылған.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK