Суретші көзіндегі- «Сыбайлас жемқорлық»

657

Көркемөнер галереясында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты облыс суретшілерінің плакаттық жұмыстарының жинақталған көрмесінің тұсауы кесілді.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А. Садықов қоғамда орын алып отырған індетті жоюға әрбір азаматтың үлес қосуы-парыз екендігін атап өтті.   «Жемқорлыққа жол жоқ!» деп үн қосып, оны қылқалам  құдіретімен  көрсетіп жатқан суретшілерге ризашылығын  білдірді.

Ал   Суретшілер Одағының  Алматы облыстық филиалы төрағасы Ермұхан Жүнісханұлы да көрменің ашылуымен  жиналғандарды құттықтады. Өңіріміздің суретшілері әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылатын байқауларда топ жарып  жүргендігін тілге тиек етті.

Көркемөнер галереясына  қойылған  30-дан астам еңбектің айтар ойы, пайымды пікірі  барлығы байқалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жолдаудың тоғызыншы тармағы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» -делінген. Бұл айтылған мәселелер ел келешегінің жарқын болуына бастайтын қадам деп білеміз. Галереяда ашылған  суретшілер жұмысының көрмесі жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басу және азаматтардың өз ісін адалдықпен, жауапкершілікпен  атқару керектігі өзек болған.

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген де бар. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасаудың бәрі суретшілер еңбегінің тақырыбына айналыпты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK