Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурыз көже де,

Толтырып ішкей көзеңе.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсең аз ғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер,

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

Төрт түлік төлдеп егізден,

Тойғызсын аққа емізген.

Молынан болсын сары уыз.

Жұптассын жігіт, ару қыз.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Барыңның дәмді нәрін бер.

Бейбіт атсын таңымыз,

Асқақтасын әніміз.

Тәуелсіз Қазақстанға,

Таң қалсын дос та, дұшпан да!

Атқан таңың әр күнгі,

Жақсылыққа бастасын.

Осы бір дерттен халқымды,

Аллам аман сақтасын!

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK