Талдықорған қаласының айналасында тәулік бойы істейтін 4 санитарлық бекет орнатылды. Бұл жерлерде қалаға кіретін барлық адам тексеруден өтеді.

Қала әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз-хатшысы Нұр Қанатұлының айтуынша, бұл бекеттерді блок бекеттермен шатастырмау керек. Тәулік бойы жұмыс істейтін санитарлық бекеттерде полиция және СЭС қызметкерлері тепловизорлармен тұрады, және барлық қалаға кіретін адамдарды тексереді. Сондай-ақ барлық келген адамдар арнайы сауалнаманы толтыруы тиіс.

Алматы облысындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар барлық жолдар мен автожолдар — ашық, оларды жаппайды!

1-ші санитарлық бекет-Алматы қаласынан кіре берісте, Алматы трассасында.
2 — ші санитарлық бекет-Қаратал ауданынан кіре берісте, Үштөбе трассасында.
3 — ші санитарлық бекет-Ескелді ауданы, Қарабұлақ трассасында.
4 — ші санитарлық бекет-Ақсу ауданынан кіре берісте, Үшарал трассасында.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK