Ұлтымыздың мерейі арта берсін

57
Дереккөз

Қазақ халқының  ұлттық мейрамдарының ішінде ең атаулысы  жаңа жылдың  жаршысы Наурыз  мейрамы. Ұлтымыздың жанына да, қанына да әбден сіңіп қалған бұл мереке халқымыз үшін расымен де ерекше. Тіршілік атаулының  жаңа парағы ашылатын бұл кезең жуанның жіңішкеріп,  жіңішкенің үзілетін шағы. Салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеліп, ұлттық ойындарымыз ұлықталатын күннің әрқайсымыз үшін маңызы зор деп білемін. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына береке, бақыт, молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Бастаған істеріңіз аяқталып, қуаныш сыйласын. Ал Қазақстанымызға келген  індет ізім- ғайым жоғалсын! Алла бізді панасына алсын! Келер жылға төрт көзіміз түгел, аман есен жетейік! Бүгінгі жағдай уақытша сынақ. Осы сынақтан аман-есен, абыроймен өтейік!

Сандуғаш Мұңайтпасова, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK