Ақ пейіл мен татулықтың нышаны

42
Дереккөз

Тарихы тереңнен бастау алып, ұлтымыздың ұйытқысына айналып, еліміздің болмысын айшықтайтын төл мереке – әз-Наурыз құтты болсын! Жыл басы дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Көктемгі жаңарудың, ақ пейіл мен татулықтың нышаны, өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған, жастары жалын қанатын кеңге жайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! Бастысы, Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Бүгінгі таңда, ғаламда орын алып жатқан мәселелерге орай, адамзатқа амандық тілей отырып, егемен елімізді кесапат пен індеттен сақтағай деймін.  Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық!

Жайық Тазабекұлы, Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директоры

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK