Әкеден балаға мұра болған өнер

98
Дереккөз

Қашаған жырау «Мұнаралары әр жерде,  мешіт болған бұл ағаш, шеберлердің қолында, кәсіп болған бұл ағаш» — деп жырлаған екен. Халқымыз «Өнерлінің қолы алтын» деп тегін айтпаса керек-ті. Бүгінгі жаhандану заманында ұлттық колоритті  сақтай отырып, қазақы  болмысты мейлінше айшықтап жүрген жандар бар. Ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарын мыңдаған жылдың жұмбағын жасырған қазақы ою-өрнекпен көркемдеп, құндылығымызды насихаттап жүргендердің  бірі  — Жанар Бекова.

Дереккөз

 «Ағаштан  қолөнер бұйымдарын жасауды әкеміз 1990 жылдардан бастаған. Осы жолды екі бауырым жалғастыруда. Әкеден балаға мұра болған, текпен дарыған текті өнер десем де болады.  Алғашқылардың бірі боп 2014 жылы аталмыш дүкенді аштық. Бұрын  4 дүкен желісі болған. Қазір  Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Өскемен, Алматы сынды өзге де  қалалармен   жұмыс жасап, уақыт тапшы болғандықтан  тек біреуін қалдырдық. Мұнда өзіміз жасаған,  сондай-ақ, өзге де шеберлердің жұмыстары топтастырылған. Шеберлер бұрын жәй ғана қызығушылықтан жасаса, қазіргі таңда кәсіби түрде айналысуда. Жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарайды. Кәсіптің арқасында нәсібін тауып отырған бес шеберіміз бар. Дүкен сөрелеріндегі ұлттық бұйымдардан домбыра мен астау зор сұранысқа ие. Қазақ кім десе ең әуелі домбыраны көрсетеміз. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген осыдан шықса керек. Біздегі домбыраның сапасы сын көтереді, үні де ерекше. Өзге аймақтардан да тапсырыс түседі. Тіпті үлгермей қалатын кездер болады. Бұрынғыдай емес халықтың қызығушылығы, көзқарасы  өте жоғары». Халқымыздың байырғы заманнан қолданып келе  жатқан бұйымы астаудың  негізгі кескін-келбетін Жанар Нұрханқызы өзі ойластырады.  Арнайы жеке белгімен  жасағысы келетіндер болса ол жағы да қарастырылған. Яғни, сұранысқа сай қызмет етеді. Кейіпкеріміз жұмыс барысында қажетті мөлшерде  ағаш табу қиындық тудыратынын тілге тиек етті. Себебі, жұмыс барысында ағаштың көп түрі жарамсыз болып табылатындықтан  Ресейден арнайы тапсырыспен алдырады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK