Сақтан

Айналайын қазағым,

Бұл Алланың сынағы.

Қорықпа да

Үрікпе,

Ауру берген бір Алла,

Емінде өзі береді-

Көресің оны тірлікте.

Бұлт артынан күн шығар,

Бәрі де -ақ өткінші.

Сақтанғанды сақтаймын,

Деген Алла Құранда.

Бұл сөзіме илан да,

Мамандардан кеңес ал,

Айтқанына құлақ түр.

Басқа хабар, ақпарды,

Қазірше сырып қоя тұр.

Адамдарды көргенде,

Екі қадам кейін тұр.

Сәлемдескен сәттерде,

Қолыңды созба елпілдеп.

Өз үйіңнен, аулаңнан,

Шыға берме желпілдеп.

Кір сабынмен қолыңды,

Жиі — жиі жуып тұр.

Тұзды сумен аузыңды,

Мезгіл сайын шайып тұр.

Өз — өзіңе үңіліп,

Халыңды қанық біліп жүр.

Уайымға салынбай,

Көңілденіп күліп тұр.

Үйір болма араққа,

Дәрменіңді  азайтар.

Ет пен майдан қол үзбе,

Қуатыңды молайтар.

Короновирустың басты емі-

Сенім әрі тазалық.

Үмітіңді үзбе сен,

Аласың әлі-ақ азаттық.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK