Жуырда Еңбек ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері «Көненің көзі» атты ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу сабағын өткізді.   Шара барысында ауыл әжелері халқымыздың рухани байлығын жас ұрпақ бойына  сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ету, салт-дәстүрді насихаттау мақсатын алға қойыпты.

Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көне бұйымдарды жас ұрпаққа жете түсіндіруге келген ауыл әжелері «Күміс құмған — ай» әнімен кешті ашты. Сондай — ақ мәдени қызметкерлер ен даланы жайлаған,көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге ұлттардан ерекшелеленетін бұйымдарымыз болғандығын айтып өтті. Ауыл әжелері сол көне бұйымдардың әрқайсысына  жеке тоқталып, жасалу мен қолдану жолдары турасында баяндады. Масалимова Клара апа «Бесік» туралы айтып оның қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетінін түсіндірді. Келі,  сабау, ұршықтың  тұрмыстағы қолдану ретімен  де апалар өз білгендерімен бөлісті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу барысында өткізілген шараның тәрбиелік мәні зор.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK