Іңір қараңғысы екен. Кешкі дастарқан басында отырған бір апа аяқ астынан балаларының біріне ренжіп:  — «Саған сөзімді ұқтыра алмай жүргенше менің өлгенім артық. Кетейін үйден, өлейін онда», – деп есікті тарс жауып шыға жөнеліпті. Басқалар қанша ыңғайсызданып алаңдағаны мен апаны ашуландырған ұлы болса қозғалмастан күліп қойып отыра беріпті. Іле-шала апа ештеңе болмағандай өз орнына қайта келіп жайғасыпты. Сонда қушыкеш тағы бір ұлы: «Апа, сіз жаңа ғана өлем деп шығып кетіп едіңіз ғой. Неге қайтып келдіңіз?», — деп сұрапты. Сонда апа: — «Есіктің алды көк мұз, түсеберіс тайғақ екен», – деп жауап беріпті.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK