Талдықорғандағы «Магнум» сауда үйінде бүгін таңнан қарбалас. Қала бойынша 1632 көпбалалы отбасына кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер (КӘП) беріле бастады.

Қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекованың айтуынша, қазір қаңтар айының кепілдендірілген әлеуметтік азық-түлік пакеттері беріліп жатыр. «Қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар тізімі «Магнум» сауда үйіне өткізілген. Соған сәйкес, мұқтаж отбасылар осында келіп, өзі құжаттарын көрсетсе болды. Сол бойынша кассадағы қызметкер ведомость шығарып, тиісті КӘП тапсырады. Қазіргі кезде тек азық-түлік пакеттерін беріп жатырмыз. Бұл ай сайын беріледі. Ал, тоқсынана бір рет гигиеналық пакеттер берілетін болады» дейді Сәуле Аманбайқызы.

Кепілдендірілген пакет атаулы әлеуметтік көмекке іліккен отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына беріледі.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакетке не кіреді?

Азық-түлік жиынтығы

Ай сайын беріледі.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға

  • жеміс езбесі, гипоаллергенді
  • көкөніс езбесі, гипоаллергенді
  • балалар ботқасы, гипоаллергенді
  • жүгері жармасы
  • сұлы жармасы
  • балалар печеньесі
  • пастерленген балалар сүті

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға

  • пастерленген балалар сүті
  • қатты сұрыпты бидайдан жасалған макарон
  • сұлы жармасы
  • күнбағыс майы
  • гематоген
  • астық дақылдарынан жасалған сүтті түйіршектер
  • балалар печеньесі
  • арпа жармасы
  • қарақұмық жармасы
  • уатылған бұршақ
  • ұнтақ ботқасы
  • табиғи бал

Тұрмыстық химия тауарлары

Тоқсан сайын беріледі.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға

  • тіс пастасы
  • тіс щеткасы
  • сабын, гипоаллергенді
  • сусабын
  • крем
  • кір сабын
  • кір жуатын ұнтақ

Пакет отбасындағы әр балаға беріледі.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға

  • Мектепте күн сайын тегін ыстық тамақ
  • мектеп формасы (жылына бір рет)
  • оқу құралдары (жылына бір рет)
  • қалалық қоғамдық көлікте жол ақысының 50%-ін өтеу

Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға сертификаттарды оқу жылының басталуына дейін, тамыз айында беру жоспарланған.

Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығына мыналар кіреді:

  • пиджак;
  • жилет;
  • шалбар;
  • мерекелік жейде;
  • күнделікті киюге арналған жейде;
  • трикотаж жилет.

Қыздарға:

  • пиджак;
  • жилет;
  • белдемше;
  • классикалық жейде;
  • трикотаж жилет;
  • сарафан.

Мектеп жабдықтарының жиынтығы

1-4 сынып оқушылары үшін:

  • рюкзак;
  • күнделік;
  • жай дәптер (20 дана);
  • қаламсауыт;
  • сурет салуға арналған альбом;
  • қаламсап (5 дана);
  • жай қарындаш (10 дана);
  • тыс (15 дана);
  • пластилин;
  • акварель бояуы;
  • сызғыш;
  • өшіргіш.

5-9 сыныпта оқитындар үшін:

  • рюкзак;
  • күнделік;
  • жай дәптер (20 дана);
  • қалың дәптер (10 дана);
  • қаламсауыт;
  • сурет салуға арналған альбом;
  • қаламсап (5 дана);
  • жай қарындаш (10 дана);
  • тыс (15 дана);
  • пластилин;
  • акварель бояуы;
  • сызғыш;
  • өшіргіш.

10-11 сынып оқушылары үшін:

  • рюкзак;
  • күнделік;
  • жай дәптер (20 дана);
  • қалың дәптер (10 дана);
  • циркуль;
  • қаламсауыт;
  • қаламсап (5 дана);
  • жай қарындаш (10 дана);
  • тыс (15 дана);
  • сызғыш;
  • өшіргіш.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK