«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Жөргенбаев және қала әкімі, қалалық партия филиалы төрағасы Ғ.Әбдірайымовтың атынан коммуналдық салада  жұмыс жасаушы аналар қауымын құттықтады.

Қала көшесін тазалап, қысы-жазы тыным таппайтын жұмыскер әйелдерге партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Жазықбаев жылы лебізін  арнады.

«Ардақты аналар, сіздерді көктемнің осы бір жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің қоғамдағы орындарыңыз  ерекше.  Ана- өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы.  Аналар отбасының  берекесі.  Ал  Талдықорған қаласының көркеюін ойлап тынымсыз еңбек етудесіздер.  Еліміздегі әсем де таза қалалардың қатарынан көрінуіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер.  Ендеше осы бір кең ниетті көктеммен бірге келген  шуақты мерекеде Аналарға тек ізгілік тілейміз! Өздеріңізге айтылатын ақ алғыс пен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға мол бақыт, еңбектеріңізге  табыс тілеймін» ,- деді А. Жазықбаев.

 

Жалпы айтқанда,  «Көркем — Талдықорған» мекемесі арқылы қала тазалығына   57 азамат тартылған. Олардың 35-і әйелдер.

Құттықтау шарасында аналарға гүл шоғы  сыйлықпен табысталды.  Ауа-райының жауынды болғандығына қарамастан жұмыс жасап жатқан аналарға бауырсақ  пен ыстық шәй ұсынылды. Бұл жерде әсем ән де шырқалды. Ең бастысы, көңілге ыстық ықылас қосылып, мейірім  салтанат құрды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK