Конфессияаралық қатынастарды нығайту, мемлекеттің зайырлы тұрақтылығын дамыту, дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу мақсатында Алматы облыстық дін істері басқармасы өз құзіретінде көптеген шараларды жүзеге асыруда. Бұл туралы басқарма басшысы Рахмет Есдәулетов «Jetisy media» ақпараттық алаңында  журналистердің қатысуымен өткен баспасөз-мәслихатында егжей-тегжейлі атап өтті.

-Қазіргі таңда елімізде тіркелген 18 діни конфессияның 12-і Алматы облысында. Облыстағы  637 діни бірлестіктің ішінде: 466 ҚМДБ ислам мешіттері, 52 православиелік ДПШ, 11 Рим католиктік, 96 протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы, 1 Кришна санасы қоғамы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес жұмыстарын жалғастыруда. Халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша басқарма тарапынан өткен жылы 5763 іс-шара өткізіліп, оған 400-ге жуық адам қатысқан. Алматы облысы дін істері басқармасы жұмысының басым бағыттары: «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясат Тұжырымдамасының 2017-2020 жылға арналған ережелерін», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» іске асыруды көздейді,-деді Рахмет Разбекұлы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK