Қытайдан келген Қазақстан азаматтары дәрігер бақылауында болады

122
Дереккөз

2020 жылдың 17 ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, ақпанның 20-нан бастап Қытайдан келген Қазақстан азаматтары ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі. Содан соң, тағы 10 күн тұрғылықты мекенжайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болмақ.

Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылып, 14 күн бойы бөлек бөлмеде оқшауланады. Қазір біздің елдің шекара маңындағы саудагерлер, жүк көлік жүргізушілері, қайықшылар Қазақстанға оралуға ниетті. Олар елге қайтып оралғанда, қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуіміз тиіс. Сондықтан, құрметті тұрғындар! Қытай аумағына өтпес бұрын, елге оралғанда денсаулық жағдайыңызға қарамастан, 14 күн ауруханаға жатқызылып, медициналық бақылауда болатыныңызды ұмытпаңыз. Ал, көліктер міндетті түрде залалсыздандырылады. Айта кету керек, Алматы облысында індетке қарсы күрес шаралары мықтап қолға алынған. Қытай аумағына жақын Алакөл, Ұйғыр, Панфилов аудандарында коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Сондықтан, алаңдауға еш себеп жоқ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK