Биылғы жыл басынан бері Алматы облысы аумағында ірі қара мал ұрлығын кәсіп  еткен  4 қылмыстық топ қолға түсті. Қазіргі уақытта олардың 13 қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, тиісті тергеу амалдары жалғасуда. Осы уақыт ішінде өңірде 77 мал ұрлығы тіркеліп, оның 40 дерегі ізі суымай ашылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Атап айтқанда аймақтағы тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі қара мал ұрлығына қатысты  4 қылмыстық топтың мүшелерін құрықтаған. Қазірге олардың 13 мәрте ұрлық жасағаны дәлелденіп,  ұрлаған жалпы мал саны 56 басқа жеткен. Аталған қылмыстық топтың мүшелері ұрлықты негізінен Қарасай, Іле, Алакөл және Жамбыл аудандарының аумағында жасаған. Соның салдарынан мал иелеріне келтірілен шығын көлемі 4 миллион теңгеден асқан. Қазірге қолға түскен ұрылардан 750 мың теңгенің материалдық шығыны өндірілген. Ал, әккілер мал ұрлығын малшылардың бейғайдығынан пайдаланып, өрісте қараусыз жүрген малдарды емін-еркін қолды етіп отырған.

Бұл суреттегі азаматтар жоғарыдағы қылмыстық топтың құрамында болғандар. Осы азаматтардың ұрылық жасау себебінен зардап шеккендер болса, «102» нөміріне немесе жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласуын сұраймыз, – деп ескертеді облыстық ішкі істер департаментінің мамандары.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK