Алматы  облысында 2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  585  жоба мен әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылса, биыл  тағы 200 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы  Талдықорған қаласындағы  «Jetisy media» ақпараттық  алаңында  өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.

Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың жоба-жоспарына сәйкес, өтуге тиісті ауқымды шаралардың ішінде «Ескерткіштер – ел тарихы» жобасы, «Тұғырлы Туым» халықаралық форумы, «ТҮРКФИЛЬМ» фестивалі бар. Сонымен бірге,  «Жетісу Арба Бәйгесі 2020» турнирі және «Жетісу – атамекенім» суретшілердің республикалық пленэрін ұйымдастыру, сондай-ақ, «IQ дода» зияткерлік сайысын өткізу  көзделген.

 БАҚ өкілдері алдында сөз алған аймақтағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры  Дана Дүйсенова: — «Қазіргі кезде  «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында облысымыздың 7 ауданында 44 жоба іске асырылуда. Мәселен, 2019 жылы 9 жоба жүзеге асырылып, оның ішінде көлік жолдарын, білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізу, және де сумен жабдықтау жұмыстары толық аяқталған. Ал,  2020 жылы 22 елді мекенде осы аталған жұмыстар тағы да жалғасын табатын болады»,– деді.

Қорытып айтқанда рухани жаңғыру – ұлт мәдениетінің қайта түлеуі.Мемлекет басшысы белгілеген еліміздің тарихи дамуын қамтамасыз етуде, қоғамдық сананы жаңғырту жалпыұлттық құндылықтарды тереңдетуді, рухани саланы түпкілікті түрлендіруді  көздейді, — дейді мамандар.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK