Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Өтенай ауылдық округінің №5 кітапханасында оқушылардың қатысуымен «Данышпандықтың інжу-маржаны» атты танымдық сағаты өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Мұндағы негізгі мақсат – «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама ойшыл туралы білімгерлердің танымын кеңейту. Шара барысында жиырма бес оқушы Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына кеңінен талдау жүргізді.

Атап айтқанда, кітапхана оқырмандары философтың әлемге әйгілі болған 150-ге жуық ғылыми трактаттарына библиографиялық шолу жасап, ондағы философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия сынды бағыттарына тоқталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK