Пилоттық жоба арқылы алғашқы сәби куәлік алды

468
Айна

Жаңа жыл қарсаңында нәрестелі болған әрбір ата-анаға мемлекеттік қызмет көрсету проактивті тәсілмен ұсыныла бастаған болатын.  «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы бірлесе қолға алған тың бастаманың қолайлылығын қазір жұрт бірден сезіне бастады. Аталмыш жоба аясында қызмет көрсетілген талдықорғандық алғашқы тұрғынға бөбегінің туу туралы куәлік табыс етілді.

Нәрестенің өмірге келуімен құттықтап, анасына туу  туалы куәлікті табыс еткен департамент директоры Ермек Бекжүнісов: Жаңа жоба іске қосылғалы аймақта 64 анаға  SMS арқылы құттықтау жіберілді. Әрі сәбиді пилоттық жоба бойынша тіркету туралы ұсыныс жасалды. Мұндай қызметті пайдаланам деген ата-аналардың бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталығына келуінің қажеті жоқ. Тек порталдағы арнайы бөлімге жеке сәйкестендіру мен телефон нөмірін қалдырса жеткілікті. Сол арқылы мамандар барлық ақпараттарды өздері жияды. Тұрғындар болса, SMS хабарламасымен  үйде отырып-ақ баласын тіркетіп, жәрдем ақысын реттеп, балабақша кезегіне қоя алады. Енді көп ұзамай әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де осы проактивті принциппен ұсынылатын болады»­ — деді.

Ал, алғашқы куәлікке ие болған нәрестенің анасы Гүлжан Оспанова: — « Бұл жоба қарапайым халық үшін өте қолайлы екен. Біріншіден, мұнда әр жерден құжат жинап сабылмайсың. Екіншіден, кезек күтіп, уақыт ұттырмайсың. Бізге бала туыла салысымен SMS арқылы құттықтау келіп түсті. Сосын біз ондағы ұсыныс бойынша сұрағанын жолдадық. Міне, бүгін куәлігімізді әкеліп берді. Сондықтан, халыққа қызмет көрсетушілерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ» — дейді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK