Алматы облысы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы, облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «ОРТАҚ АБАЙ» атты  өзге ұлт өкілдері жастарының арасында көркемсөз оқу байқауы жоғары деңгейде өтті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, хакім  Абайдың 175 жылдық мерейтойына тарту ретінде қолға  алынған шара.  Мақсаты да айқын.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттарды жүзеге асыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорды насихаттау, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы қазақтың көркем әдебиетіне деген жастардың ықыласын арттыру. Абай мұраларын өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында насихаттаудың өзіндік маңызы бар. Себебі, мемлекеттік тілге деген құрмет, кітап оқу мәдениетін жандандыру, ұлтаралық татулықты нығайту, ұлтымыздың тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып-білуге ықпал жасау болып табылады.

 

 Облыс бойынша өткен  байқауға 31 үміткер қатысты.  Талдықорған қаласының №2 орта мектептің 9-сынып оқушысы Сраждин Файзуллаев, №28 IT мектеп –лицейдің 10-сынып оқушысы Владислав Филькин және №12 орта мектеп–гимназияның 9-сынып оқушысы Маргарита Нагаева жеңімпаз атанды. Абай атаның өлеңдерін мәнерлеп оқыған жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды. Талдықорғандық өрендердің жеңісі құтты болсын!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK