Бүгін елордамыз Астана қаласында табиғат тосыннан мінез көрсетіп, қатты боран соғуда. ТЖД өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, боран салдарынан әуежайда барлық рейстер кейінге шегерілген. Мектептер жабылып, жол қозғалысы тоқтаған. Мамандардың мəліметінше, республиканың кей аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, кеше синоптиктер еліміздің солтүстік, орталық жəне шығыс өңірлерінде қатты жел тұратынын айтып, дабылды ескерту жариялаған болатын. Яғни, жоғары биіктік циклонмен байланысты атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы өтеді. «Көптеген жерлерде қар жауып, солтүстік, орталық және шығыс аудандарында боранның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс бөлігіндегі батыс және солтүстік-батыс желдері болады деп күтілуде. Скандинавия түбегінің солтүстігінде суық антициклон қазірдің өзінде оңтүстік-шығыс бағытта біртіндеп ауысып, 13 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді», — деп хабарлайды РМК «Қазгидромет».

Ал, Талдықорған қаласында бүгін ауа температурасы күндіз -3 ті көрсетсе, түнде -9 градус суық. Ертең күндіз -11 гарадус нөлден төмен, кешкісін қар жаууы ықтимал. Ауа температурасы -11 ді көрсетеді. Сондай-ақ, 13-ші қаңтарда күндіз -3 градус суық, қар жауады деп күтілуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK