Бүгінде Жетісу өңірінде халықтың сұранысына сай адал өнім өндіретін өндіріс орындарының саны артуда.  Осыған байланысты, Талдықорғанда бөдене шаруашылығымен шұғылданатын тағы бір кәсіпорын  халал сертификатына ие болды. Шаруашылық жетекшісіне арнайы куәлікті Қазақстан діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы табыс етті.

Кәсіпкер «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында арнайы оқу бітіріп, мемлекеттің көмегімен өз кәсібін дөңгелетуді қолға алған. Қазір,  күн өткен сайын бөдене өнімдеріне деген сұраныс жоғарылауда. Міне, бұл мұсылман қағидасына сай таза өнім өндірудің нәтижесі екені анық.


Ардақ Оразбаевтың айтуынша,   бөдене еті мен жұмыртқасына қазіргі уақытта батыс елдерінде де сұраныс жоғары. Сол себепті, Талдықорған қаласында «Кривита» жеке кәсіпкері бөдене шаруашылығын дамытуға кірісті. Оның үстіне иісі мұсылман баласының адал өнімдер тұтынатыны белгілі. Аталған кәсіпкер бөдене өнімін халал стандартына сай өндіріп қана қоймай, бөденеге берілетін жемді де тек табиғи өсімдіктен дайындауға  баса мән беріп келеді. Сондықтан мұнда өндірілген жұмытқаны жұрт алаңсыз тұтынуына болады.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK