дереккөз

Биыл түркі дүниесіне ортақ тұлға, қазақ халқының ұлы ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы,  ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы  аталып өтілуде. «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы Талдықорған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту және білім бөлімдерімен бірлесіп, «Ортақ Абай» атты  этнос жастарының арасында көркемсөз оқу байқауын өткізді.  Байқауға 20-дан аса үміткер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттарды жүзеге асыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорды насихаттау, Абай өлеңдерін  мәнерлеп оқу арқылы қазақтың көркем әдебиетіне  деген жастардың ықыласын арттыру. Абай мұраларын өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында насихаттау  арқылы мемлекеттік тілді дамыту, кітап оқу мәдениетін жандандыру, патриоттық тәрбие беру, ұлтаралық татулықты нығайту, ұлтымыздың тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып-білуге ықпал жасау  мақсатында   өткізілді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»- дегендей,  әділқазылар алқасының шешіміне сай, №2 орта мектептің 9-сынып оқушысы Сраждин Файзуллаев, №28 IT мектеп –лицейдің 10-сынып оқушысы Владислав Филькин, №12 орта мектеп –гимназияның 9-сынып оқушысы Маргарита Нагаева және М.Нурасилова жеңімпаз атанды.  Абай атаның өлеңдерін  мәнерлеп оқыған жеңімпаздар арнайы сыйлықтарды иеленді. Сондай-ақ, олар көркемсөз оқу байқауының облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK