Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша облыстың жеке тұрғын секторларын аралау жұмыстарын жүргізуде. Апта сайын өрт қауіпсіздігі сенбіліктері өткізіледі, онда «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерін қатыстыра отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2019-2020 жылғы жылыту маусымында өрттердің және улы газбен улану оқиғаларын азайту мақсатында, 2019 жылғы 15 тамыздан бастап, облыста бары 373 510 мың жеке тұрғын үйлердің, шамамен 300 мыңы құтқарушылармен өтілген. ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлер қабылдаған шаралардың арқасында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 14% — ға азайды, олардын басым бөлігі жеке тұрғын үй секторына келеді.

Үй иелерімен әңгімелесу кезінде тек өрт қауіпсіздігі ережелері ғана емес, сонымен қатар үй аумағына іргелес жатқан арық жүйесін қардан және қоқыстан тазалау ұсынылады.

Өрт қауіпсіздігі сенбілігі аясында облыс орталығында «Көмек қолы» акциясы ұйымдастырылды, онда Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірлесе отырып, жеке тұрғын үй секторында су тасқынының алдын алу мақсатында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінін ауласын және арық жүйелерін қардан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы облысы ТЖД өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды.

— жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау;

— мұржаны күйеден мерзімді тазарту;

— пеш моржасынан жанатын заттарды арасында өртке қарсы шектеуін кемінде 0,5 м. сақтау;

— пештерде жарықтардың болуына жол бермеу;

— пештің алдында міндетті түрде 70х50 см. темір қалбыр болуы тиіс;

— жылыту пешінің жанында заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) кептірмеу;

— үйдегі электр желілерін жарамды күйде ұстау;

— электр желілерін асыра жүктемеу;

Есіңізде болсын — сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Өрт немесе төтенше жағдай болған жағдайда 101, 112 телефондары арқылы қоңырау шалыңыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK