2020 жылғы 8-10 ақпан аралығында Қордай шекара жасағының «Қарасу» және «Сортөбе» шекара заставаларының әскери қызметшілеріне өздерінің өмірлеріне төнген қауіп-қатерден қорыққан жергілікті тұрғындар, шекарашылардың көмек қолын созуын, өмірлеріне қорған болуын сұрады.

Шекара қызметінің әскери қызметшілері көмек сұраған балалар мен әйелдерге және қарт адамдарға қолдан келген көмектерін аямады. Атап айтқанда адамдарды демалатын орындармен, сумен қамтамасыз етті («Сортөбе» шекара заставасында спорт зал, «Қарасу» шекара заставасында – казарма).

2020 жылғы 8-10 қаңтар аралығында Қордайдағы дау-жанжал кезінде шекарашылар жалпы 600-ден астам қорғансыз адамдарға көмек қолын созды. Соның ішінде 8 мен 10 ақпан аралығында шекара заставаларында 390 адам қонып шықты.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK